#qyzylordatv
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ақтау қаласында өткен «TurkicSkills – 2025» халықаралық чемпионатынан қызылордалық студент Жансая Абдуллаева жеңіспен оралды.
Қазан айының 6-сы мен 9-ы аралығында өткен кәсіби шеберлер сайысына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Мажарстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінен 16 мен 22 жас аралығындағы 70-ке жуық студент пен жас мамандар қатысты. Үш күнге созылған чемпионатта қатысушылар дәнекерлеу, электрмонтаждау, IT-шешімдер, веб-технологиялар, графикалық дизайн, аспаздық ісі сияқты 10 құзыреттілік бойынша бақ сынады. Солардың ішінде жерлесіміз, «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің төртінші курс студенті Жансая Абдуллаева «Сән технологиясы» бойынша сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Халықаралық деңгейдегі сарапшылардың қорытындысына сәйкес, қызылордалық студент бірінші орынға ие болып, алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, Жансая Абдуллаева бұған дейін де «WorldSkills Kazakhstan – 2025» ұлттық чемпионаты мен Дания қаласында өткен «EuroSkills – 2025» халықаралық сайысында жүлдемен оралған.
ЖАНСАЯ АБДУЛЛАЕВА – СТУДЕНТ //«TurkicSkills – 2025» халықаралық чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отқан дода. Менің құзыреттілігімде 4 мемлекет қатысты. Үш күнге созылған жарыста біз төрт модуль бойынша сынға түстік. Бізге берілген тапсырма юбка және жакет киіміне сай сумка тігу болды. Қарсыластарымның барлығы мықты дайындықпен келген. Жарыс өте қиын болды. Дегенмен, барлық сыннан мүдірмей өттім. Жалпы өзім мектеп кезімнен бастап қолөнермен айналысамын. Колледжге оқу түскеннен кейін де тігу мен киімдерді пішуді барлығын үйрендім. Осы ретте ұстаздарыма үлкен алғысымды білдіремін.//
РУСЛАН ДҮЛДҮЛ – «АБЫЛАЙ ХАН» АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ // «WorldSkills International» шеңберінде ұйымдастырылған сайыс. Солардың стандарттарымен өткен бұл халықаралық дода. Жерлесіміз Жансая Абдуллаева Қазақстанның атынан шықты. Сол сайыста суырылып алға шығып, алтын медаль иеленді.//