Қызылордада жас педагогтерге арналған дәстүрлі «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV аймақтық форумы өтті. Шараға аймақтағы 150-ге жуық ауыл мұғалімі қатысып, кәсіби білімдерін арттырды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған форумға жалпы білім беретін мектептердің жас ұстаздары шақырылған. Форум жасанды интеллект тақырыбына арналып отыр. «Бұл ұстаздардың кәсіби дамуына, шығармашылық әлеуетін арттыруға және білім беру саласында жаңа идеялардың қалыптасуына жол ашады»,- дейді ұйымдастырушылар. Мотивациялық алаңда танымал тұлғалар өздерінің табысты тарихымен бөліссе, «Педагогикалық тәжірибелер кеңістігі» тәжірибелік бөлімі түрлі бағыттағы шеберлік сабақтарымен ерекшеленді. Мұнда мұғалімдер сабақ үрдісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану, геймификация енгізу және пәнаралық интеграция әдістерімен танысты.