Рухани келісім күніне орай облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға діни бірлестік өкілдері, ғалымдар мен теологтар қатысты.
Бүгінде әлемде болып жатқан шиеленістер мен оқиғалар өркениеттер дағдарысына, алыптар арасындағы дауға ұласып жатқаны белгілі. Осы ретте біздің қоғамдағы биік рухани құндылық еліміздің одан әрі тұрақты өркендеуіне, Қазақстан тұрғындарының бейбіт өмір сүріп, жан-жақты дамуына, халық игілігіне еңбек етуіне мүмкіндік беріп отыр. Осы орайда жиынға қатысшуылар рухани келісімнің маңыздылығына тоқталып, елімізде және әлемде дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетудегі азаматтық қоғам рөлін талқылады.