Республика күні еліміз үшін ең қастерлі әрі құнды мереке. Себебі, осыдан 35 жыл бұрын «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат. Осы орайда ұлттық мерекенің мән-маңызын өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, қадірін арттыру маңызды міндет,-дейді медицина саласының ардагері Сағындық Шәмшиев.