Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінде «Әскер аналардың көзімен» республикалық акциясы аясында ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында еліміздің әр өңірінен келген ата-аналар бөлімнің жұмысымен және сарбаздардың бір күндік өмірімен танысты.
5547 әскери бөлімінде бүгінде бес жүзден астам сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Олардың ата-аналары бөлімге келіп, әскери техника түрлерін, казарма, медициналық пункт және асхана жұмысын көрді. Балаларымен кездесіп, ашық пікір алмасты. Жиын соңында қатардағы жауынгер Бағжан Жомартовтың анасы Әтіркүл Ахмедова өз ризашылығын жеткізді.