#qyzylordatv

140 литр. Әр адамға осындай мөлшерде су бір тәулікке жете ме? Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі есептеп, осындай мөлшердегі су тұтыну керек деп шешім шығарған. Одан асырғандарға тариф басқа болады. Осы ақпарат біраздан бері елді алаңдатып отыр.

 Тамшының тырсылы – уақыттың дабылы сияқты. Өйткені, жаһанда су тапшы болып барады. Мысалға, Қазақстанда ірілі ұсақты 85 мың су айдыны бар. Бірақ, соның тең жартысы -трансшекаралық су. Шамамен 44 пайызы шет мемлекеттерден келеді.

 НАРИМАН ҚЫПШАҚБАЙ, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

// «Еш мемлекет өзінің үлесінен бір шелек су артық бере алмайды, қазіргі жағдайда. Осыны түсінуіміз керек. Жалғыз-ақ жол – осы су үлесімізді келісілген, осыны үнемдеу, осыны сақтау арқылы Қазақстанның халқы 40 млн болғанда, 60 млн болғанда осы сумен күн көру жолын іздеу керек»//.

 Мысалға, Қазақстан қазірдің өзінде суға зәру 68 елдің тізімінде тұр. 2040 жылға қарай мұқтаждық 50 пайызға артады деген болжам бар. Сондықтан, үнем – басты мәселе.

ҚАРЛЫҒАШ НҰРИХАНОВА - ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

// "Негізгі пайдаланатын су көлемінің 60-65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Сондықтан, Негізгі су үнемдеу технологияларын ауыл шаруашылығында жоспарлап отырмыз. Жоспар бойынша су үнемдеу технологияларын 2030 жылға дейін млн 300 мың гектарға жеткізу жоспарда"./

Енді, 140 литрдің мәселесіне көшсек. Егер осы мөлшерден асса , артық тұтынылған су үшін 30 пайызға жоғары тариф қолданылады деген талап бар. Бұл кімдерге арналған?

АЛМА ОҢҒАРОВА - ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ

// "140 литр деген ол жанағы су жеткізгіш ұйымдарды судың құнын есептеу кезінде оны субсидиялау кезінде қолданылатын норма. Ол қарапайым халыққа, адамдарға ешқандай шектеу емес"//

Яғни, өңірлерде судың тарифтері әртүрлі. Орташа есеппен қала тұрғындары 1 текше метр су үшін 100 теңге төлейді, ал ауылдарда бұл көрсеткіш 5 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ, ол шығынды мемлекет субсидиялап, жалғыз үндеу айтады. Ол - үнем.