#qyzylordatv

Дарынды оқушылардың шығармашылығы мен ойлау қабілетін арттыру мақсатында Орал қаласында өткен республикалық робототехника жарысынан қызылордалықтар жүлделі оралды.

 Қараша айының 6-сы мен 7-і аралығында болған сайысқа Қызылорда, Жамбыл облыстарының және Орал қаласының оқушылары қатысты. Жарыстың басты ерекшелігі әр команда құрамында тек екі оқушыдан. Сайыс 4 санат бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздері жасаған роботтарды таныстырса, қалған үш кезеңде түрлі техникалық және бағдарламалық тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде, қызылордалық «RoboOrda» үйірмесі мен №217 IT-мектеп-лицейінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Ал “NatRoboCom-2025” республикалық сайысы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

АЛАН АСЛАН – ОҚУШЫ //Мен республикалық жарысқа алғащш рет қатысуым. Сайысқа өте көп оқушылар қатысты. Қиын әрі қызықты болды жарыс. Бірақ, бірінші орын алдым.//

ТҰРАР НАҒЫМ - «ROBOORDA» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ //Қызылордалық оқушылардан төрт команда шықты. Олар екі бірінші орын, бір екінші және бір үшінші орынды иеленіп қайттық. Алдағы уақытта дәл осындай жарысты өзіміздің өңірде ұйымдастырсақ деген ойдамыз./