#qyzylordatv
«InnoFest Qyzylorda 2025» инновациялық идеялар фестивалінің үздіктері анықталды. Креативті жастарды бір алаңға тоғыстырған фестиваль биыл бесінші мәрте өткізілуде. Ауқымды шараға еліміздің әр аймағынан 1600-ге жуық адам қатысып, өз жобаларын ұсынды.
Қазір ең өзекті мәселенің бірі – киберқауіпсіздік. Фестивальде Жасанды интеллект институтының студенті киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін жоба ұсынды. Автордың айтуынша, жоба 90 пайызға жуық дайын. Әзірге оны компьютерге орнатуға болады.
НҰРБОЛ ОҢАЛБЕКОВ – ҚАТЫСУШЫ
иннофестке әкелген жобамның тақырыбы – киберқауіпсіздікке байланысты браузерный расширение. Бұл жобаның мақсатына келетін болсақ, өтірік сайттарға, төлемдерге арналған қосымша деп санасақ болады. Бұл қолданушылардың өмірін қалай жеңілдетеді десеңіздер, жалпы интернет желісіндегі әртүрлі сайттардың, мощенниктердің қолдарына түсіп қалмас үшін өтірік транзакция дегендердің алдын алатын қосымша деп санауға болады.
Жас технократтар бәсекесінде қатысушылар жасанды интеллект, бағдарламалық жасақтама, кино және видео бағыттары бойынша бақ сынап, әр түрлі саланы дамытуға арналған жобалар ұсынды. Мұнда ауыл балалары да креативті идеяларымен көзге түсті. Осылайша бүгінгі буын интернетті игілікке айналдырып, жаңа идеяларымен таңғалдырды.
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
Фестивальдің биылғы ерекшелігі «Жасанды интеллект» бағыты қосылды. Қатысушылардың басым көпшілігі – студенттер мен оқушылар. Олар 24 сағат ішінде идеяларын протатипке айналдырды. Жалпы фестивальде 250-ге жуық жоба ұсынылды.
ДӘУРЕН СЕРҒАЗИН – АКТЕР, РЕЖИССЕР
Осы шаралар, осы иннофестиваль бірнеше жылдан кейін жемісін береді. Соны түсініп жатқан басшыларға алғысым шексіз. Менің қараған жұмыстарым кино мен видео саласы. Көп балалар Арал теңізі, Арал үні тақырыпты зерттеген екен. Соны ашық көсретті.Екінші тақырып, бұл белең алып келе жатқан кибербуллинг. Осы тақырыптарда балаларды жиі толғандыратн нәрсе екен. Балалар енді соның шешімін таппаса да, соның ешімін бір адам емес, қоғам, мемлекет болып, осы проблемаларға көз салуымызға шақырып тұр.
Фестивальдегі ең кішкентай қатысушының бірі – 6 жастағы Алиасқар. Ол анасымен бірге «Болашақ менің қолымда» атты видео түсірді. Жасанды интеллектіні де қолданды. Ал бейнематериалды өзі дыбыстады.
АЛИАСҚАР СИСЕНБИ – ҚАТЫСУШЫ
Мен ютубер болғым келеді. Мен осы сайысқа қатысқанмын. Видео жасау маған қызықты болды. Маған ұнады.
Фестивальде кино және видео бағыты бойынша ерлі-зайыпты Айжан мен Тимурдың жобасы үздік деп танылды. Олар оқушы кезінен-ақ байқауларда бақ сынап, жүлдегер атанған. Қазір креативті идеясы мол жастар контент, маркетинг саласында еңбек етіп жүр.
АЙЖАН ЖҰМАДІЛ, ҚАТЫСУШЫ
Бүгінгі фестивальде біз «Шынайы өмір немес фейк» деген тақырыпта видео ұсындық. Қазір актуальды болып жатқан тақырыптардың бірі әлеуметтік желілерде өтірік қайырымдылық жасап, шынайы өмірде алаяқтықпен айналысып жүрген сондай бір жандар туралы ролик ұсындық.
ТИМУР МҰСТАФИН, ҚАТЫСУШЫ
Бізде 24 сағат уақыт болды. Осы жобаны толықтай бастап түсіріп, сценарийн жазып, монтаждап, сағат 9-да беруге. Біз осы уақыттың ішінде түнімен ұйықтамай, монтаждап жібердік.
Фестивальде үздік жобалар жалпы 5,4 млн теңге жүлде қоры аясында марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар талантты жасқа 5 университеттің білім гранттары табысталды.
Software Development бағыты бойынша «Extrnos» жобасы, Жасанды интеллект бағыты бойынша «Сұрыптаушы қоқыс» жәшігі жобасы, Кино, Видео бағыты бойынша «Фрилансер» жобасы І орын иеленді. Осылайша фестиваль жігерлі жастарға жол ашып, инноваторларға ерекше серпін берді.