#qyzylordatv

Өңірімізде мұнай-газ саласындағы еңбек қатынастарын дамытуға бағытталған республикалық семинар өтті. Екі күндік шараға еліміздің оңтүстік өңірлерінен 50-ге жуық мұнайшы мен кәсіподақ белсенділері қатысты.

 Семинар Кәсіподақтар федерациясы және қазақстандық мұнай-газ кешені салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен өтті. Жиынның мақсаты – еңбек қатынастарында әлеуметтік серіктестікті нығайтып, дау-жанжалдың алдын алу.

МАҚСҰТ НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 //Бұл жерде ең басты мәселе мына еңбек заңнамаларын әсіресе мына еңбек қатынастардғы өзгеріп жатқан заңнамаларды оқыту, ол үшін арнайы кәсіподақ федерациясының жанында оқу орталығы бар, қатынастарын ретттейтін заңдарды және де мынау ұжымдардағы біріншіден еңбек заңдылығын сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және де әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған көптеген жұмыстар талқылау барысында дәріскерлерде, дәріс алған азаматтарда барлығы да семинардың тиімді өткенін атап өтіп жатыр. Осындай жұмыстар кешенді түрде өзінің жалғасын табатын болды.//

 Оқыту жиынында еңбек дауларының алдын алу және келісу комиссияларының жұмысын жетілдіру бағытында ұсыныстар айтылды.

 СҰЛТАН ҚАЛИЕВ - «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

 // бүгінгі жағдайда Қазақстан кәсіподақтарының орны біздің қоғамымызда өзінің орны бар деп есептейміз. Себебі,кәсіподақтың негізгі мақсаты әрине ол қарапайым халықтың, еңбек адамының құқығын қорғайтын ұйым сол себептен заң негізінде, біздің мемлекетімізде ондай заңдар бар. Еңбек кодексы бар, кәсіподақ туралы заңымыз бар сол себептен біздің атқарып жатқан істердің жемісті, табысты болуы үшән әрине біз өзіміздің кәсіподақ кадрларымен белсенді активті осындай білімін, сауатын нығайтуға іс-шара бағытталған. Сол себептен бүгін семинардың негізгі мақсаты жетті деп ойлаймын.//

 Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Кәсіподақтар Федерациясы еңбек қатынастарында әділдік пен ашықтық қағидаттарын ілгерілету бағытындағы жұмысты жалғастыра бермек.