#qyzylordatv

Жыл басынан бері өңірде су айдындарында қауіпсіздікті қаперден шығарған 48 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Әсіресе, қысқы маусымда балық аулау барысында салғырттыққа жиі жол беретіндер көп. Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ережеге енжарлық танытқандар айыппұл арқалайтынын қатаң ескертіп отыр.

 Жалпы биыл сала мамандарының ұйымдастыруымен су айдындарында 795 рейдтік бақылау жүргізілді. Осы жұмыс барысында 31 мыңнан астам тұрғынға арнайы үнпарақтар таратылып, қауіпсіздік ережесі ескертілген. Айта кетерлігі, өткен жылы балық аулау барысында 2 оқыс оқиға тіркеліп, 2 адам қаза тапты. Ал биылдың өзінде бір қайғылы жағдай орын алып отыр. Енді мұндай келеңсіздік тіркелмес үшін мамандар профилактикалық бақылауды күшейтті.