#qyzylordatv

Мемлекеттік кірістер басқармасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдке шықты. Іс-шара кезінде көлік салығын төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер анықталып, автокөлігі айып тұрағына қамалды.

 Бүгінде қалада көлік салығын төлемеген тұлғалардың 278 млн теңге берешегі бар. Ал, өсімпұл 155 млн. теңгені құрап отыр. Сондықтан мамандар жүргізушілерге көлік салығын мерзімінде төлеу керектігін ескертеді. Ал, берешек уақытылы өтелмеген жағдайда мәжбүрлі түрде өндіріп алу шаралары қолданылады. Рейд барысында қарызы қордаланған жүргізушілер анықталып, заңға сәйкес айыппұл салынды. Автокөлігі айып тұрағына жеткізілді.

 ЫРЫСБАЙ ЖӘКЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ МКБ БӨЛІМ БАСШЫСЫ \ Есептелген салықтар мерзімінде төленбеген жағдайда, Салық кодексінің 117-бабына сәйкес мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептелінеді. Сонымен қатар, Салық кодексінің 114-бабына сәйкес жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама қалыптастырылады және мерзімі табысталған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орындалу. Ал, хабарлама орындалмаған жағдайда Салық кодексінің 128- бабына сәйкес жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылады. Жеке тұлға салықтық берешекті өтемеген кезде, мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.