#qyzylordatv
Зейнетақы жинағын ипотека мерзімін қысқарту үшін пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Бірақ, бұрынғыдай қарыздың пайызын жаба алмаймыз. Тек негізгі қарызды төлейсіз. Осылайша ай сайынғы төлем мен несие мерзімі азаяды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын ашық талқылауға салды. Құжат Ашық НҚА порталында 21 қарашаға дейін қаралады.
ДАУБЕК КЕРІМБАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ \Біздің нақты өзгертіп жатқанымыз біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану барысында бүгінгі күнгі қағидаға сәйкес оның бір бөлігі екінші деңгейлі банктердің өзінджік бір пайыздық мөлшерлемесіне, бір бөлігі негізгі борыш жабылса, біз қазір сол біржолғы зейнетақы төлемдерін толық негізгі борышқа бағыттап отырмыз. Мысалға сізде 1 млн артық ақшаңыз болса 5 млн-дық ипотекаңыздың 1 миллионы жабылады. 4 млн болған соң ол сіздің ай сайын төлейтін төмеіңіз қысқаруы мүмкін немесе ипотекалық несиенің мерзімі қысқарады\