#qyzylordatv
Осыдан он жыл бұрынғы Қызылорда мен қазіргі қаланың келбетін салыстыруға келмейді. Оған көше тазалаушылардың қосқан үлесі аз емес. Келесі бейнематериалымыз қаланың мұнтаздай болуын қамтамасыз етіп жүрген жандар туралы болмақ.
Салтанат Әлмаханованың еңбек бригадасында сөздің емес, істің адамдары. Ол «Жасыл жасақ» деп аталатын есту қабілеті бұзылған жастар тобына жетекшілік етеді.
САЛТАНАТ ӘЛМАХАНОВА – БРИГАДА ЖЕТЕКШІСІ //Менің бригадамда кілең бірыңғай жас балдар, сөйлемейтін балдар. Солармен жұмыс жасаймын өзім, жұмыс жасап жатқаныма 2 жылдай уақыт болып қалды. Осы Қызылорданың тазалығана жауап беру міндеттері бізге жүктелген. Біздің балдардың жұмысқа деген ынтасы өте зор, еңбекқор. Қаланың енді тұрғындарына айтатыным тек қаламызды таза ұстайық, бәрімізге қала ортақ, бәріміз атсалысуымыз керек деп ойлаймын.//
Коммуналдық қызметкердің жұмысы қыс мезгілінде күшейе түседі. Жауын-шашынды күндері көшелерді тазалауға арнайы техника жұмылдырылады. Қазірдің өзінде қыс маусымына дайындық пысықталып қойған: қажетті техника, құм-тұз қоспасының қоры толықтырылып, тазалықшылар жұмысқа сақадай-сай.
ТАЛҒАТ ДҮЙСЕНБАЕВ – ЖҮРГІЗУШІ //Қыстың кезінде, қар жауған кезде біз жұмысқа шығамыз. Күні-түніге қарамаймыз жаңбыр жауып гололед болған кезде құм себеміз тұзбен араластырып сол қаланың бүкіл көшелерінің бәрін тазалаймыз. Күн, түнді қарамаймыз, түнде шығамыз бізде әртүрлі уақытта жауа береді. Мұз болған кезде құм сеуіп, тұз араласқан құм себеміз. //
Ал Қызылорданың таза болуы – күнделікті еңбектің нәтижесі.
ГҮЛЗИНАТ ЖҰМАБЕКОВА – «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ //Әні-міні дегенше мінекей, қыс айы да келіп жетті. Қыстың дайындығы қазір қарқынды жүріп жатыр.Қызылорда тазалығы мекемесінде арнай техникаларымыз оның ішінде 57 дана. Қарды күреу, тиеу жұмыстары атқарады, сондай-ақ қол жұмыстары жаяу жүргіншілер жолын тазалауға, аялдамаларды тазалауға арналған қызметкерлеріміз бар 270. Біздің мекеме сақадай жұмысқа сай, өз қызметтеріне кірісіп кете береді. Биылда бұйырса жақсы нәтижемен шығамыз деген ойдамыз.//
Бүгінде қалалық сенбіліктерде студенттер мен жас мамандарды жиі көруге болады. Осы орайда «Жасыл ел» жасақтарының еңбегі зор.