#qyzylordatv

Өнер арбатында «Күзгі Қызылорда» атты фото көрме-сайысы ұйымдастырылды. Шарада кәсіби және әуесқой бағыттағы фотографтар Қызылорданың табиғатын, қаланың ерекше сұлулығын фотосуретпен жеткізді.

Көрмеге көрсең көз тартатын өнер туындылары қойылды. Фото байқауда ерекше фото ұсынған қатысушының бірі – Нұрайым. Оның шығармашылық жұмысынан жылылық, ағайындардың бауырмалдығы, сұлулық пен нәзіктік байқалады. Әдемі сәтті көркем кадрға айналдырған бойжеткен фотоөнерге бала кезден қызыққан.

НҰРАЙЫМ ҚАБДЕН – ФОТОГРАФ

Қызылорданың сұлулығын өз көзіммен басқаша жеткізгім келді. Менің көзімде Қызылордада өте сұлу адамдар, бақытты адамдар, эмоцияға толы адамдар өмір сүреді. Жұрттың көзіне талы жоқ серый болып көрінгенімен өзінің атмосферасы бар, адамдары арқылы табиғаты арқылы әдемі көрінетін қала болып елестейді. 1.00 Мен негізінде сол орманға, алыс беріс шықпай, күнделікті көріп жүрген жерлерімнен, үйдің, есіктің алдынан қандай сұлулықты көрдім, соны ғана алып жүрдім. Үйдегілерді шақырып тұрып, әдемілеп фотосессия жасағаным бар.

 АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

 Бұл фотокөрме – шығармашылық пен шеберліктің тоғысқан алаңы болды. Байқағанымыз, фотографтар күзгі сұлулықты, әдемі ғимараттарды, ең бастысы бақытты қала тұрғындарын кадрға алған.

Тілші: Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары – «Pozitiffрroduction»

фото-видео студиясы және қалалық жастар ресурстық орталығы. Фото көрме-сайысының басты мақсаты – жастардың шығармашылық белсенділігін арттыру, фотографтарды қолдау, қаланың көркем бейнесін ел назарына ұсыну.

ЖАЛҒАСБЕК ЖАРҚЫНБЕКҰЛЫ, «POZITIFFРRODUCTION» ФОТО-ВИДЕО СТУДИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мақсаты – қаламыздағы фотографтарды қолдау, қаламыздың әсем жерлерін осы қонақтарға көрсету. Қазір бізде 15-16 қатысушы бар.

Талаптар тек фотоаппаратпен түсірілуі керек. Телефонмен түсіруге, дрон секілді экшн камераларды қолдануға болмайды. Және тақырыбы бар. Күзгі Қызылорда. Осы тақырыптың аясында түсірілуі керек.

 Байқауға қатысушылар тың идеясы арқылы табиғаттың әдемі көріністерін, қаланың ел біле бермейтін орындарын фотоға түсірген. Олардың еңбегін кәсіби білікті мамандар ғана емес, қала тұрғындары да бағалады. Яғни, арнайы стикерлерді өзі ұнатқан фотоға жапсырып, таңдау жасады.

 ДІНМҰХАМЕД БЕГІМОВ – ФОТОГРАФ

Бұл көрмені мен баяғыдан хабардармын. Мен Қызылорда бойынша фотографпын. Біз бірінші алғашқы Президент саябағын түсірдік. Қорқыт саябағы бар. Жеке модельмен жұмыс болды. Түрлі фотолар алып келдік. Менде ерекше фотоның бірі табиғатпен фото түсірдік. Маған осы Қызылордада күз мезгілінде күндізгі фотоларды түсірген ұнайды. Мен сол фотоларды жинап, дайындалып, сақадай сай болып келдік. Он фото алып келдік.

Байқау нәтижесінде 1 – орынды Берікбол Әбутәліп, 2 – орынды Наталья Голованова, 3 – орынды Рүстем Әли иеленді. Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Берікбол Әбутәліп пен Нұрайым Қабден марапатталды. Шығармашылық қабілеті арқылы қаланың әдемілігін көркем түрде бейнелеген жастарға қаржылай сыйақы табысталды.