#qyzylordatv

Қызылорда облысына әкім болған азаматтардың басқару стилі де, қарым-қабілеті де әр түрлі болды. Аз уақыт қызмет атқарса да айтарлықтай артында із қалдырған, елге игілікті іс қалдырған әкім ретінде Мұхтар Құл-Мұхаммедтің орны бір бөлек. Бүгін Мұхтар Абрарұлы Сыр еліне табан тіреп, облыс активімен жүздесті.

 Мұхтар Құл-Мұхаммед 47 жасында Қызылорда облысына әкім болып тағайындалды. Хронологияға көз салсақ, небәрі 1,5 жыл әкім қызметінде болды. Бірақ, сол қысқа мерзім ішінде айтарлықтай іс тындырып үлгерді. Экологиялық аймақ деп билік басындағылар бұрыла қоймайтын Қызылордаға министрлер кабинетін бір емес, бірнеше мәрте шақырып, түйінді мәселелерді көрсетіп, оның шешілуіне ұйытқы болып, уақытпен санаспай еңбек етті. Ол еңбек ел есінен ұмытылған жоқ. Алаш арыстарының идеясын жалғаушы азамат ретінде құрметтелуі де сол қабілет-қарымына берілген баға болса керек.

Абрарұлының абыройын әңгіме ете алатын ел ағалары баршылық, олардың басым көпшілігі сол жылдары әкіммен үзеңгілес тұрғыда еңбек етті. Солардың бірі – Жарылқасын Шәріпов. Облыстық мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы болды.

Алаш арыстары «елге қызмет ету – мінезден» деген формуланы аманат етті. Сондай мінез, қабілет-қарым Құл-Мұхаммедтің бір бойынан табылды дейді сол жылдардың естелік парағын ақтарған ел ағалары:

 Қызылордалықтар Құл-Мұхаммедтің керзі етікпен подвалға түсіп, өжірелерді сарқынды судан тазалауға мұрындық болғанын, инженерлік, энергетикалық, инфрақұрылымдық жүйелердің жаңаруына күш салғанын жақсы біледі деді өз кезегінде Парламент депутаты М.Жайымбетов

 Сыр топырағы киелі топырақ. Бұл жерден елге еге әрі ес болған талай тау тұлғалар шықты. Соның бірі Темірбек Жүргенов. Кезінде бір емес, үш мемлекеттің министрі болды деді өз кезегінде Мұхтар Абрарұлы

 Бүгінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед ғылыми жұмыспен айналысуда. Баспаға бірнеше кітапты дайындап қойған. Ол өз кезегінде Қызылорданың болашағы жарқын екенін айтты.

 Мұхтар Абрарұлы Сыр еліне араға 18 жыл салып келіп отыр. Өңірдегі өзгерістерді көзі көрді. Қуанды. Елді сағынғанын да ашық айтты. Сырбойылықтар атынан мемлекет қайраткеріне Қызылорда облысының құрметті азаматы атағы мен Қызылора облысының құрмет грамотасы табыс етілді.