#qyzylordatv

Өңірге жұмыс сапарымен келген Сенат, Мәжіліс депутаттары СПМК-70 мөлтек ауданында бой көтерген «Келешек мектебіне» барды. Заманауи үлгіде салынған нысанды аралап, құрылыс сапасын бақылады, оқу кабинеттерінің жабдықталуын көрді.

 Облыста «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 білім ошағын салу жоспарланған болатын. Бүгінде тоғызының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Жақын күндері СПМК-70 мөлтек ауданында салынған 1500 орындық мектеп ашылады. Қазіргі күні құрылыс жұмыстары толық аяқталған, оқушылар қабылданып жатыр. Мұнда балалардың жан жақты білім алып, спортпен шұғылдануына, шығармашылық қабілетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Оқу кабинеттері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Атап айтсақ, физика, химия, биология, информатика кабинеттерінде арнайы STEM-зертхана жұмыс істейді. Төрт спорт залы, 300 орынға арналған асхана бар.

 БЕК ТУМЫРЗАЕВ, № 296 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ \мұнымен қатар сурет кабинеті, роботехника барлығы жаңадан соңғы технологиялармен жабдықтаған. Әрбір сыныпта мұғалім столында компьютер, ноутбук принтерімен бар. ....\

МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ \кепілдік мерзімін заңға енгізіп жатырмыз 10 жылға дейін деп. Шатыры болсын, қабырғасы болсын бәріне 10 жылға кепілдік береді. Енді біз танысып өттік, сапасы жақсы. .... \