#qyzylordatv
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне талдау жүргізіліп, арнайы комиссияның жұмыс нәтижесі сараланды.
Мәселен, үшінші тоқсанда мемлекеттік қызметшілердің әрекетіне 31 қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп, материалдары тәртіптік комиссиямен қаралған. Оның ішінде 9-ы бойынша тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылса, 22 материал бойынша тәртіптік жаза қолдануға негіз жоқ деген шешім қабылданған. Сондай-ақ, тәртіптік комиссия және өзге уәкілетті органдардың ұсынысымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін немесе өзге де заңнама нормаларын бұзғаны үшін сегіз мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
ТАЛҒАТ НҰРТАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ //Мәселен, Қазалы ауданы әкімінің м.а-ның өкімімен Басықара ауылдық округі әкімінің м.а Оразалыға, Алға ауылдық округі әкімінің м.а Төлемісовке және Мұратбаев ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Серікбаевқа қызметтік әдепті сақтамағандары үшін тиісті тәртіптік жазалар қолданылған. Дегенмен, Қазалы ауданы әкімі аппаратымен Департаментке тапсырылатын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітілген тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы 1-ТК есебінің 2.4 жолында қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны мүлдем көрсетілмей, статистикалық есепті бұрмалауға әкеп соққан.//