#qyzylordatv

Қызылордада алғаш рет «Ассамблея аруы» байқауы өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сұлулық конкурсына түрлі этнос өкілдерінен 8 бұрымды қатысты.

 Байқау төрт кезеңнен тұрды. Сахна төрінде арулардың білімі мен парасат пайымы сыналып, шығармашылығына баға берілді. Сондай-ақ, әр этнос өкілі ұлттық аспабында ойнап, би билеп, өнерімен көпті тәнті етті. Әсіресе қатысушылардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі бағаланды.

    Байқау нәтижесінде бас жүлде сырдариялық ару Лидия Мясцоваға бұйырды. Бірінші орынды байқоңырлық Сабина Мурадова иемденсе, екінші орынға қызылордалық Гүлбахор Искакова лайық деп танылды.