#qyzylordatv

Қайтқан малда қайыр бар.

Қызылордалық полицей қарапайым шаруаның жоғалған жылқысын тауып берді.

Жалағаш ауданының тұрғыны қорасында тұрған бір бас жылқының жоғалғанын біліп, аудандық полиция бөліміне арызданған. Түскен арыз бойынша учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Зелимхан Хасиханов өзінің мотокөлігімен айналадағы шаруа қожалықтарын және жайылымдық жерлерді түгел шолып шығады. Нәтижесінде, жоғалған жылқы Ақсу ауылына қарасты Бостай би учаскесінің күріштік алқабынан табылып, иесіне тапсырылды.