#qyzylordatv

Облыс орталығында Қазақстанның Халық партиясы жақтастарының «Күш әркімде!» атты форумы өтті.

Жиынға партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, Мәжіліс депутаттары, аймақтық филиалдардың басшылары, партияның жастар қанатының өкілдері, азаматтық белсенділер мен сарапшылар қатысты.Форумда партияның ашық алаң ретіндегі рөлі, жастардың өзін-өзі дамытуына және жеке әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, шара аясында «Еңбек адамы» республикалық байқауының облыс бойынша жеңімпаздары марапатталды.

 ЕРМҰХАМЕТ ЕРТІСБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ //Қызылорда Қазақстанның алғашқы астанасы болған, ұлы Сыр ананың елі қазақ дәстүрін сақтаған, жыр әні жер. Адамзаттың арманын орындаған алғашқы ғарыштың жолы. Қазақстан халық партиясы жақтастарының форумы еліміздің әр аймағында өтіп жатқан республикалық қоғамдық саяси іс-шара.