#qyzylordatv

"Қайсар" футбол клубы жаңа маусымды жаңа бас бапкермен бастайды. Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов команда тізгінін ресми түрде қолға алды. 50 жастағы Андрей Ферапонтов – Премьер-лигада өзіндік қолтаңбасын қалдырған маман.

Ол бас жаттықтырушы лауазымын "Мақтаарал" футбол клубында бастап, "Оқжетпес" командасында жалғастырды. Сондай-ақ "Ақтөбе", "Ордабасы", "Қайрат", беларустік "Рух" командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті.

Ферапонтов қазір Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметін де қатар алып жүр. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі тәжірибесі бар екенін көрсетеді. Ал "Қайсар" Қазақстандағы жекеменшікке өткен алғашқы клубтардың бірі.