#qyzylordatv

Қызылордада «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Junior Skills–2025 республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды. Екі күнге жалғасатын доданың мақсаты- мектеп оқушыларының мамандық таңдаудағы қызығушылығын арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Junior Skills–2025 сайысына еліміздің 8 өңірінен оқушылар қатысып жатыр. Байқау 5 құзыреттілік бойынша өткізілуде. Атап айтқанда ағаш ұстасы, кондитерлік іс, сән технологиясы, жеңіл автомобильдерді жөндеу және мобильді робототехника бағыттары. Әр қатысушы өндірістік тапсырмаларды орындап, өз кәсіби қабілетін іс жүзінде көрсетуде.

 ТІЛЕК АХМЕТ- ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 6118

Бұл іс шараның Қызылорда жерінде өткізілуі алғаш рет. Қызылорда бұл кәсіби мәдениеті қалыптасқан еңбек адамына құрметпен қарайтын аймақ. Яғни бұл шарада блалар өздерінің жаңа мүмкіндіктерін көрсетеді, және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын.

 БЕКЖАН ЕСЕНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Тоғызыншы сыныптың оқушылары байқауға қатысқалы келіп отыр. Бүгінгі байқау негізі 5 құзыреттілік бойынша өткізіледі. Министрлік тарапынан 2015 жылдан бастап бізде республикалық және халықаралық ворл скиллс қозғалысы жүзеге асырылып келе жатыр. Бұл байқау соның негізгі тіректерінің бірі болып табылады. 02:03 Осыған біз кәсіби бағдар беру арқылы солардың республикалық, ертең халықаралық байқауға қатысуына мүмкіндік жасайтын боламыз.

Байқаудың ерекшелігі – әр құзыреттіліктің өз бағытына сай жеке колледждер базасында өткізіліп жатқаны. Яғни қатысушылар теорияны ғана емес, нақты өндірістік ортаға жақын жағдайда тәжірибелік тапсырмаларды орындайды. Солардың бірі – сән технологиясы құзыреттілігі. Бұл бағыт Абылай хан атындағы жоғары колледжінде өтуде. Мұнда оқушылар киім пішу, үлгі дайындау және тігін технологиясының талаптарына сай тапсырмаларды орындап, өз шеберліктерін көрсетіп жатыр.

ЖАНАТ ОТАРОВА, ЖЕТЕКШІ 6142

Біз Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан келіп тұрмыз. JUNIOR SKILLS сайысыга қатысып аудандық облыстық сайысқа қатысып бірінші орын алдық. Содан осы республикаға келіп тұрмыз. Сән технологиясы құзыреттілігі бойынша республикалық байқау JUNIOR SKILLS сайысына келіп тұрмыз.

Ал «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі М.Ықсанов атындағы ІТ-техникалық жоғары колледжінде өтуде. Бұл жерде оқушылар қозғалтқыш бөлшектерін шешу, қайта жинау және сәйкестендіру бойынша тапсырмаларды орындайды.

БАҚЫТЖАН ӘБІЛМАНСҰР, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ 6167

Мен Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылынан келдім. Мен Қазалы ауданынан осындай байқаудан бірінші орын алып, облысқа жолдама алдым. Облыстан да осындай байқаудан Республикадан жолдама алдым. Бүгін ана болттарды шешіп болттарды қайта өзіне қатыру және бір біріне сәйкестендіріп қою. Маған ондай қатты қиын болған жоқ. Мен бұл байқауға қатысқанда ешкімнен үйренген жоқпын, тек өз әкемнен үйрендім. Әкемнен үйренген заттар маған ешқандай да қиын емес.

Junior Skills–2025 аясында өңірдегі өзге колледждерде ағаш ұстасы, кондитерлік іс және мобильді робототехника құзыреттіліктері бойынша да байқау жалғасуда. Ұйымдастырушылар бұл жобаның жасөспірімдердің кәсіби бағдарын айқындауға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға үлкен серпін беретінін айтады.