#qyzylordatv

Жаңа сайлау жүйесі қолданысқа енгізілгелі облыстағы барлық 146 кент және ауылдық округ әкімдері 100 пайыз жаңадан сайланды. Ал биылға 56 әкім сайлауы тағайындалса, оның 55-і өткізілген.

Жалпы 2021 жылдан бастап облыс бойынша 205 әкімнің сайлауы өткізілді. Жаңадан сайланған әкімдердің 103-і бұрын ауылдық округтің әкімі қызметін атқарған, ал 102-сі алғаш рет сайланыпты. Статистикаға зер салсақ, облыста 18 бен 35 жас аралығындағы 7 жас әкім және 4 жас депутат бар. Олардың ішінде ең жас әкім – 28-де болса, ең жас депутат – 27 жаста. Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы заңына сәйкес, әкімдер 4 жылға сайланады. Дегенмен өкілеттілігі ерте тоқтатылған әкімдердің орнына сайлау тағайындала береді.