#qyzylordatv

Арал ауданында «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Азаматтық қорғау қызметі қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындықты пысықтады.

 Апат айтып келмейді. Десек те қыстың көзі қырауда кез-келген оқыс жағдайға дайын болу маңызды. Осы орайда өрт сөндіру, құтқару, полиция, жедел жәрдем және коммуналдық қызмет мамандары сапқа тұрып, өз міндеттері мен техникасын қолдану тәсілдерін пысықтады. Оқу- жаттығудың практикалық іс-қимылдары алдын-ала жасалған сценарий бойынша өрбіді.

 БЕКБОЛАТ ӘБДІҚАДЫРОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Оқу жаттығудың мақсаты – қысқы кезеңдегі жағдайларды төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнідегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарымен күштерімен дайындау болып табылады. Қазіргі таңда Арал ауданы Арал қаласында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар жою бойынша практикалық кезеңдер пысықталуда. Сәйкесінше Қызылорда қаласы және басқа аудандар да өткізілуде. Бұл практикалық кезеңдер қала және аудандардың азаматтық қорғау қызметкерлерімен пысықтайтын болады..//

 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1357 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Жолаушылар автобусы жеңіл автокөлікпен соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды. Оқу-жаттығу сценарийі боойынша полицейлер, құтқарушылар және медицина қызметкерлері зардап шеккендерге жедел көмек көрсеттт, эвакуациялады, жылы орынмен, ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

   Ал осы кезде жолаушылар пойызынан өрт шығып, қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтады. Жолаушылар бірнеше сағат далада қалып қойды.

     Оқу-жаттығудың және бір практикалық кезеңі: Аралда қар борап, мал іздеп шыққан екі тұрғын адасып кетті. Оларды іздестіру-құтқару жұмысы ұйымдастырылып, табылған соң медициналық көмек көрсетілді.

 АЙДОС СЫДЫҚОВ - АРАЛ АУДАНДЫҚ ТЖБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ // Оқу-жаттығуының екінші күнінде практикалық іс-шарлараға көшірілді. Яғни, автожол және теміржол жолдарының бойында орын алатын түрлі төтенше жағдайларда жасалатын іс-қимылдар көрсетілді. Сонымен қатар, ауданның көлемінде жиі орын алатын осы малшы ауылдан қатынау бар т.б сынды әртүрлі жағдайларда адам жоғалу процестері жиі орын алады. Соған байланысты осы жоғалған адамды іздеу жұмыстары үшінші кезеңде көрсетілді. Оқу-жаттығу сәтті, ойдағыдай өткізілді деп ойлаймыз. Енді бұл ауданда соңғы 5 жылдан бері бірінші рет өткізіліп жатқан іс-шаралар

Жалпы «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуына мыңнан астам адам, 400-ге жуық техника және 1 кинологиялық топ жұмылдырылды