#qyzylordatv

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова сапар барысында «Сыр жұлдыздары» шығармашалық академиясының жұмысымен танысты.

Шығармашылық академиясында балалар түрлі үйірмелер бойынша дәріс алып, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Министр тоқыма тоқып, қолөнермен айналысқан жас шеберлер сыныбында болды. Мұнан соң ғарыш, астрономия, физика, жасанды интеллект, ІТ саласына қызығатын жас өнертапқыштармен тілдесті. №290 келешек мектебіне аялдаған Жұлдыз Сүлейменова ғылыми жоба сайыстарында топ жарған оқушылардың жобалары туралы сұрап білді. Білім ордасында облыстың озат ұстаздарымен жүздесті. Педагогтар Оқу-ағарту министрінің жаңа реформаларына қолдау білдірді. Физика-математика мектебімен танысқан министр сапарын түйіндеп, ой-пікірімен бөлісті.