#qyzylordatv

Спортта шекара жоқ. Тиісінше кедергі де болмауы тиіс. Мұны параспортшылардың жетістіктері дәлелдеп отыр. Аймақта мүмкіндігі шектеулі жандарға белсенді қолдау көрсету жалғасуда.

 Жуырда «Тең қоғам» мүгедектерді қолдау орталығының демеушілігімен спорттық турнир ұйымдастырылды. Қатысушылар дартс ойынында мергендігін сынаса, енді бірі үстел теннисінен шеберлігін байқатып жатты. Дойбы сайысында тез шешім қабылдап, жүрісінен жаңылмаған ойыншылар ақыл-ойының озықтығын көрсетті. Жалпы бұл жарыстарға ерекше қажеттіліктері бар тұрғындар белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

    Турнир тиімді уақыт өткізуге, достық және спорттық атмосфераны сезінуге, күш пен сенімділікті арттыруға жол ашады. Мұны спортшылардың эмоцияларынан байқауға болады.

САҒАТБЕК СИЮОВ – ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

// Жарысқа 50-ге жуық адам қатысуда. Жеңімпаздарды марапаттаудан басқа, әрбір қатысушы естелік сыйлықтарға ие болады. Бірақ бәрінен бұрын біз үшін жай ғана адамдарды жинау емес, әрбір қатысушының қамқорлықты сезінуі үшін қолдау атмосферасын құру маңызды болды. Мұндай турнирлер мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қабілеттерін ашуға, өзіне сенімді болуына, қоғамдағы белсенділігін арттыруға көмектеседі.//