#qyzylordatv

Облыс прокуроры Ризабек Ожаров аймақ кәсіпкерлерімен кездесті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, құзырлы мекемелер басшылары және бизнес өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. Сондықтан өңірде кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға басымдық беріліп, кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Ал жиынның мақсаты - кәсіпкерлердің құқығын қорғау және оларды қолдау бағытындағы жұмыстарды пысықтау. Әрі мұндай басқосулар кәсіпкерлер мен инвесторларды алаңдатып жүрген өзекті мәселелерді анықтап, түйткілдердің шешілуіне ықпал етеді.