#qyzylordatv
«Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиялық орталығында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықтың, зорлық зомбылық пен суицидтің алдын алу мәселелеріне арналған мәжіліс болды. Жиын облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өтті.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, қала және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп пен колледж директорлары қатысты.
Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы буллинг, қысым көрсету, интернеттегі агрессия жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Осы орайда балалардың күнделікті ортадағы эмоционалдық жағдайы мен өзін қаншалықты қауіпсіз сезінетіні аса маңызды. Балалардың құқықтық мәдениетін арттыру да күн тәртібіндегі өзекті мәсленнің бірі. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық білім басқармасы мен полиция департаментінің өкілдері баяндама жасады.
ЕРДӘУЛЕТ ЖӘУКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Жалпы облысымызда кәмелетке толмаған жасалған қылмыстар бізді ерекше алаңдатады. Бүгінгі таңда мынау облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен осы мәселені көтердік. Мен өзім бұл жиында баяндама жасап Қызылорда облысы көлеміндегі орта мектептер және колледждердің студенттерімен болып жатқан қылмыс жөнінде егжей тегжейлі баяндадым. Бұл жерде мақсатымыз барлық колледждің және мектептің директорлары облыс бойынша осы жиынға қатысқан. Басқа бір мектепте болған оқиға басқа мектепке басқа колледжде болған оқиға басқа колледжде қайталанбас үшін сабақ болсын деп айтып жатырмыз. Жалпы бұл кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға қоғам болып жұртшылық болып жұмылуымыз керек. Сонда ғана біз облысымызда кәмелетке толмағандар мен қылмыстың алдын алуға зор мүмкіндік болады деп есептейміз.