#qyzylordatv
Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 1258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Жедел профилактикалық іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық деректерінің 6-уы тегіс ұңғылы атыс қаруына қатысты болса, көлік құралын масаң күйінде басқарудың 15 дерегі анықталды. Ал көлік құралын басқару құқығынан айырылған 7 азамат қайта рөлге отырған. Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 75 дерегі тіркелген. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің 78 дерегі анықталса, қала аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарында кальян бұйымын пайдаланған 6 дерек белгілі болып отыр. Іс-шара алдағы уақытта да жалғаспақ.