#qyzylordatv
Облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірдегі тауар өндірушілердің каталогын шығарды. Жинақта аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген 250-ге жуық кәсіпкер енгізілген.
Каталогта Сыр өңірінде кәсіпкерліктің қай түрі жақсы дамыған, қандай тауар түрлері өндіріледі және қандай кәсіпкерлер жұмыс істейді деген мәліметті білеуге болады. Сонымен қатар, туристік нысандар туралы да толыққанды ақпарат ала аласыз. Бұл әсіресе еліміздің өзге өңірінен келетін қонақтармен шетелдіктер үшін жақсы жолбағдар.
РАХЫМБЕК ЗЕЙНУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \ құрылыс бағыты болсын, өндіріс болсын ақпараттардың барлығы осы жерде бар. Бұрын соңды болмаған кәсіпкерлік палатасы өз тарапымыздан осындай каталог шығаруды жөн көрдік. Мақсат - кәсіпкерлерді ақпараттандыру. 100 дана шығарып отырмыз, аэропорт, вокзалға орналастыратын боламыз...\
Жинақ үш тілде жазылған және бір айта кетерлігі каталогтың электронды нұсқасы да бар. Облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шарада өңірдегі тауар өндірушілер каталогының тұсауы кесіліп, таныстырылымы жасалды.