#qyzylordatv

Қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Кеңес мүшелері 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет жайын тыңдап, қаланың даму жоспарына қанықты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Геотитр: ҚЫЗЫЛОРДА

 Қала бюджеті 2026-2028 жылдарға арналған экономикалық даму болжамы негізінде жасалған. Қазынаға түсетін кіріс пен шығыс болжанып, салық түсімі мен бюджет трансфертіне дейін жобаға кірген. Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы бюджетке қатысты әрбір тиынның өз есебі бар екенін айтты.

 2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму жоспары да қоғамдық кеңес талқысына түсті. Мұнан соң «2025-2027 жылдарға арналған қала бюджетін бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жайы қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері мектептегі тамақтану сапасы мен асханалардың санитарлық жағдайына қатысты сын көп екенін жеткізді. Бірнеше мектепті аралап көрген кеңес мүшелері көрген кемшіліктерін ортаға салды.

 Осы тұста кеңес мүшелері бірқатар ұсыныс жолдады. Тіпті ас мәзіріне қажетті өзгерту қажеттігін алға тартты. Жиын соңында қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Әрі бұл жоспар сұранысқа сай, өзгеретіні де айтылды.