#qyzylordatv
Спорт Жаңалықтары. Энергетиктер күні қарсаңында сала мамандары спорттық шараға қатысып, арқан тартыс және шағын футболдан сынға түсті.
Еліміздің дамуы энергетика кешенінің тұрақтылығына тікелей байланысты. Әр үйді жарықпен, жылумен қамтамасыз етуде, сондай-ақ тұтас өңір экономикасын жылжытушы күш ретінде бұл саланың маңызы зор. Дәстүрлі шараға 10-нан астам команда қатысып, үздіктері анықталды.
МЕДЕТ УСАИН – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Энергетиктер біз осы экономиканы алға жылжытушы негізгі сала. Әрқайсыңыздың біздің экономикада ойып алар орындарыңыз үлкен. Әр саладан бүгін бастарыңызды қосып отырмыз. Барлықтарыңзды жинап, үлкен бір жарыс ұйымдастырып жатырмыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.
БАҒДАТ КҮЛЕКЕЕВ – ҚАТЫСУШЫ
Мен Қызылорда электр жылу электр орталығынанмын. Арқан тартыстан келдім. Арқан тартыс тартып жатырмыз. Бір командадан алға шықтық. Жалпы спорт саласы денсаулыққа пайдалы. Бір жағынан мекемеміздің атынан шығып отырмыз.