#qyzylordatv
2030 жылға дейін кемінде 200 нысанға реконструкция жасалады, 86 мың шақырым желі жаңарады. Ақордадағы салтанатты басқосуда Президент осылай еді. Мемлекет басшысы үкіметке еліміздің энергетикалық әлеуетін ұдайы арттыру міндетін жүктеді. Салтанатты жиын қарсаңында энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, елеулі еңбек сіңірген 30ға жуық азаматты жоғары наградамен марапаттады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін
Экономиканы ілгерілету, инфрақұрылымды дамыту, заманауи өндіріс орындарын ашу, цифрландыру. Ел алдында тұрған осындай ауқымды мақсаттарды энергетикасыз жүзеге асыру мүмкін. Сондықтан саланы түбегейлі жаңғырту қажет. Президент ең әуелі бұған дейін жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Мәселен, өткен жылы технологиялық ақаулар 27 пайызға қысқарған. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының нәтижесінде үш жыл ішінде тек кәсіпорындардың күрделі жөндеу жұмыстарына 900 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Президент бұл жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпеу керек, - деді.