#qyzylordatv

Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Ауыл аманаты» жобасының өңірде жүзеге асырылу барысы талқыланды.

 Бүгінгі күні «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған» тұжырымдамасы аясында өңірдегі елді-мекендерді өркендету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары арқылы елді мекендердің жан-жақты дамуына, оның ішінде инженерлік-инфрақұрылымды, кәсіпкерлік нысандарды көбейту, өнімді сақтау, өңдеу және өткізу бойынша шағын индустриялды аймақтарды құру жұмыстары қарқын алған. Жиында Ералы Лұқпанұлы «Ауыл аманаты» жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, осы жоба шеңберінде өңірде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

 ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ // Кеше президент көптеген сұрақтарды көтерді. Оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасына ерекше тоқталды. Үш жылдан аса қазір жүзеге асырылып жатыр. Қызылорда облысында бұл бағыттағы жұмыстар бойынша үлкен жобалар жүзеге асырылды. енді түпкі мақсатымыз біреу ғана ғой – ауылда тұратын халыққа жағдай жасау.//

 Соңғы екі жылда «Ауыл аманаты» бағдарлама аясында облысқа 5 млрд 500 млн теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 782 жоба қаржыландырылып, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл тағы 5,5 млрд теңге бөлініп, 443 жобаны іске қосу жоспарда. Сондай-ақ, алдағы жылы 5,6 млрд теңгеге 305 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр. Жалпы 2 млрдтан астам қаржыға 65 кооператив қаржыландырылмақ. Бүгінгі күнге 23 кооперативтік жобалар пулы жасалып, пысықталуда. Бұл әсіресе ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік мәселелерін шешуге үлкен мүмкіндік.

 ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Кооперативтер негізінен 3-4 адамнан құрайды. Бір ғана мысал: Шиелі ауданындағы «Барлыбай ИК» деген кооперативінде 16-17 адам бар. Томат пастасын өндіреді. Қазір басқа ауылдың тұрғындары да қызығушылық білдіруде.//

 Ералы Тоғжанов өз сөзінде бір миллионнан астам тұрғынның әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығына тәуелді екенін атап өтті. Сол себепті тек мал шаруашылығы емес, өзге де салаларға басымдық беру керек, дейді.

 ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ // Бірлігі күшейетін мықты бұл жоба жемге-жемге баратын болсақ. Тегін емес қой қайтарымды ғой. Сондықтан бұны жүзеге асыруға болады деп ойлаймын. Президенттің тапсырмасына тікелей сіздерден орындауларыңызды сұраймын. Ұйымдастыру жұмысын қолға алу керек. Аудан әкімдері ауыл әкімдерімен бірлесе отырып, осы жұмыстарды жүргізу қажет.//