#qyzylordatv
Жаңа жыл қарсаңында аспаздардың дәуірі жүріп тұр десек болғандай. Әсіресе бармағынан бал тамған шеберлер әзірлеген тағамдардың дәмі бөлек, сәні ерек. Біздің келесі бейнематериалымыз нағыз еңбек адамы туралы болмақ. Білгір аспаз Саяш Балғабаева тамақтану орнының имиджін қалыптастырып жүрген мамандық иесі.
«Мейрамхананың жүрегі – аспаз» деп бекер айтылмаса керек. Бүгінде күнделікті тамақ мәзірімен көпшілікті таңғалдыра алмайсыз. Адамның талғамы мен талабына сай ас әзірлеу мәдениетінің өзгергені сонша — қазіргі қоғам тек мықты аспаздардың ғана еңбегін жоғары бағалайды. Сол себепті үнемі шығармашылық ізденісте жүремін, — дейді кейіпкеріміз Саяш Балғабаева.
САЯШ БАЛҒАБАЕВА, БАС АСПАЗ 6253
Мен бұл салада 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеймін. Бұл жай мамандық емес бұл үшін үлкен қалау болу керек. Аспаз еңбегі көбіне адам көзіне көріне бермейтін мамандық. Бірақ оның артында үлкен жауапкершілік ұғымының жатқанын біреу түсінуі мүмкін біреу түсінбеуі мүмкін. Сондықтан бұл жерге келген адам өзінің мойнына жауапкершілік алады. Осы тағамы халыққа өтіп халық алғыс айтқанша дейін уайымдап жүреді. Қалай болды қалай әсер етті көңіл күйіне қалай әсер етті деп сондай бұл тамақ арқылы көп нәрселер шешілген ғой. Сондықтан бұл мақтанышпен айтатын мамандық деп айтсам болады.
Аспаз мамандығы үнемі ізденісті, жаңа тәсілдер мен кәсіби дамуды талап етеді. Осы бағытта Саяш Балғабаева өз біліктілігін арттыру үшін курстарға қатысып, жинаған тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп келеді. Өндірістік ортада болашақ аспаздарды тәрбиелеу – оның күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналған.
САЯШ БАЛҒАБАЕВА, БАС АСПАЗ
Біздің басшымыз біздің білімімізді тереңдетіп білім алмасуға жіберіп тұрады. Мысалы мені Астана қаласына жіберді. Біз солардан алып оқып келгеннен кейін біз осы өзімізде өзіміздің қаладағы кәсіптік колледждерден студенттерді қабылдап практикаларын осы жерде қабылдап 3 айлап өткіземіз. Оларға түсіндіреміз практика жөнінде көрсетеміз мамандықтарының жақсы таңдалғанын. Бұл мамандықтың қыр сырын жауапкершіліктің мол болуын түсіндіріп оларды осы сатыдан өткіземіз. Және олар әрі қарай өздерінің өміріне пайдасына асырады деп ойлаймыз. Осы уақытқа дейін 100студенттен асады
Кейіпкеріміз Жаңа жыл мерекесіне арналған мәзірді әлдеқашан құрастырып қойған. Себебі мерекелік көңіл-күй дастарқанға да тікелей байланысты. Түсірілім барысында байқағанымыз, кейде еленбей қалып жүрген бұл кәсіп шын мәнінде үлкен жауапкершілік пен адамға деген ықыласты талап етеді.