#qyzylordatv
Қызылордада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция лейтенанты Әбдіғаппар Ділмановты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Ерлікке тағзым еткен спорттық шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Қоғам тыныштығын күзетіп, азаматтардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы қызмет атқаратын полиция қызметкерлерінің еңбегі қашан да құрметке лайық. Өкінішке қарай, бұл жолда жанын қиған тәртіп сақшылары да аз емес. Солардың бірі – полиция лейтенанты Әбдіғаппар Ділманов. Ол ішкі істер органдарында қызмет ете жүріп, аса қауіпті жағдайда қарулы қақтығысқа тап болып, қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан. Ел тыныштығы жолында жанын қиған ержүрек офицердің есімі бүгінде әріптестері мен туған-туыстарының жадында мәңгі сақтаулы. Осыған орай, батыр полицейдің рухына тағзым ретінде шағын футболдан еске алу турнирі ұйымдастырылды.
ТӨРЕБАЙ ДІЛМАНОВ, Ә.ДІЛМАНОВТІҢ ӘКЕСІ
//Астана қалалық полиция департаменті мен Қызылорда облыстық полиция департаменті біздің қадірлі баламыз Әбдіғаппарды еске алып осындай турнир өткізіп жатыр екен. Әбдіғаппар өзі жастайынан зерек бала болып өсті. Атасы немесе мен секілді мұғалім болады ма деп едік жоқ ол осындай полициялық жолды таңдады. Әбдіғаппар атына турнир бірінші рет ұйымдастырылып тұр. Оның атына ерлігін еске аламыз деп Астана қаласынан көше берді 2007 жылы, Қызылордадан көше берді 2002 жылы мұндай турнир біз негізі күтпеп едік. Мынау еске алып жатқан ағайынға, осында қатысып жатқан футболшы ағайындарға көптен көп алғыс айтамын.
Жарыс Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастамасымен өтіп отыр. Турнирдің басты мақсаты – қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан азаматтың есімін мәңгі есте сақтау, сондай-ақ жеке құрам арасында бірлік пен рухты нығайту. Спорттық додаға құқық қорғау саласының қызметкерлерінен құралған бірнеше команда қатысып, өзара шеберліктерін сынға салды.
УӘЛИХАН ДҮЙСЕНБІ, ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
//Әбдіғаппар Д ағамызды еске алуға арналған турнир өтіп жатыр. Ағамыз ерлікпен қаза тапқан. Өзі әскери қызметін омон қызметінде өткізген, учаскелік полиция болып қызмет барысында қарулы қақтығысқа тап болып қаза тапқан. Сол ағамыздың ізін жалғастырып келе жатқан жас буынбыз. Әрі қарай жалғастырамыз, бізден кейінде жалғастырады. Ағамыз жас буынға үлгі болады деген ойдамыз.Жарыс жөнінде айта кетсек жарыс жаңа қала басқармасымен ойнадық, жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Тек қана мықтылар жеңіске жетсін.
ОРАЛБЕК ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Біз Қызылорда облысы полиция департаменті ішкі істер органдарында қызмет атқара жүріп жанқияр ерлікпен қайтыс болған Ділманов Әбдіғаппар еске алу мақсатында жеке құрам арасында турнир өткізіп жатырмыз. Бұл турнирдың мақсаты өзіміздің әріптесімізді мәңгі есте сақтау оның атын ұмытпау және мынау өскелең жас жеке құрам жас ұрпаққа біздің әріптесіміздің ерлігін насихаттау болып табылады. Осы бүгінгі өткізіп жатқан іс шараға батырымыздың ата анасы арнайы келіп қатысып, ортамызда бірге бөлісті. Және бүгінгі командаға ардагерлер командасы жеке құрамның тарапынан 8 команда өзара бақтарын сынап жарыс жолына шықты.
Мұндай еске алу шаралары – өткенге тағзым ғана емес, келер ұрпаққа бағытталған рухани сабақ. Қызметтік міндетін адал атқарып, ел тыныштығы жолында жанын қиған азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Ең бастысы, бұл – жас қызметкерлерге үлгі, антқа адалдықтың айқын көрінісі. Ерлікке тағзым еткен тағылымды бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.