#qyzylordatv

Арал ауданындағы Қамыстыбас ауылында автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Елді мекен тұрғындары енді көгілдір отынның игілігін көретін болады. Игі шараға облыс әкімі қатысып, халықтың қуанышымен ортақтасты. Ал қауіпсіздік басты назарда. Сондай-ақ, Нұрлыбек Нәлібаев солтүстік аудандағы сапары барысында құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге қабылдау өткізіп, тұрындардың өтініш, тілегін тыңдады. Арал Жаңалықтарын тілшіміз Әкімжан Жолтаев жеткізеді.

ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ \Қамыстыбас ауылында төрт жүзге жуық шаңырақ болса, соның жүзден астамы теміржолдың бергі бетінде орналасқан. Міне, Жаңа жыл қарсаңында теміржолдың оң жағында қоныс тепкен тұрғын үйлер, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарға газ берілді. Тұрындар енді отын бұтап, көмір жағып, күл шығару машақатынан құтылады\

 Жұмағұловтар отбасы алғашқылардың бірі болып үйіне газ құбырын жүргізіпті. Отыз жылдан бері шаңырақтың түтінін түтетіп отырған келіні Жанар ыстық бауырсақ пісіріп, табиғи газдың игілігін көруде. Қыстай от жағып, күл шығаратын ауыл тұрғыны жұмысымыз жеңілдеп, жағдайымыз жақсара түсті,- дейді.

 Ауылды дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, әл ауқатын арттыру – мемлекет алдындағы басты міндеттің бірі. Аймақта осы мақсатта байыпты бастамалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, елді мекендер ауыз сумен толықтай қамтылса, газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті.

Ауданда газдандыру жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Бірінші кезекте Қамыстыбас ауылы түгелдей газ желісіне қосылады, одан әрі Сыр беткейдегі елді мекендер кезең кезеңімен көгілдір отынның игілігін көреді. Облыс әкімі газдандыру жұмыстарынан бөлек жол құрылысына қатысты жобаларға да тоқталды.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \Қызылордадан Ақтөбеге дейін аралықтағы жол, Бейнеу Сексеуіл.....\

 Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.