#qyzylordatv

Жаңа жыл қарсаңында үш ведомствоның бір топ қызметкері баспаналы болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады.

Мемлекет басшысы ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударып, ризашылығын білдірді.