#qyzylordatv
Білім беру ұйымдары жаңа цифрлық ресурстарға қол жеткізе бастады. «Алматыкітап» баспасы еліміздегі бірқатар мектепке бір мың «TopIQ-MobilBox» автономды оқу станциясы сыйға тарту етті. Құны 400 мың теңге болатын құрылғы қаладағы №3 айти – мектеп лицейіне де орнатылды.
«TopIQ-MobilBox» - автономды оқу станциясы. Бұл станцияға қазақ және орыс тілдеріндегі 395 оқулық пен көркем әдеби кітап, бейнематериалдар, аудиоконтент, мультфильмдер, интерактивті тапсырмалар мен тестттер енгізілген. Сондай-ақ, оқу станциясында мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетуге арналған «Қамқор» интеллектуалды көмекшісі бар. Ол сабақ әзірлеуге, оқу материалдарын таңдауға көмектеседі.
ДАНИЯР ҚОНАЕВ - «АЛМАТЫКІТАП» БАСПАСЫНЫҢ IT БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ //Бүгін біз «TopIQ-MobilBox» деп аталатын жаңа цифрлық өнімімізді таныстырып отырмыз. Бұл – Android негізіндегі планшеттерге орнатылған оқу станциясы. Жобаның мақсаты – мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың білім сапасын арттыру. Платформа арқылы тапсырма беріп, оқу процесін бақылауға болады. Сондай-ақ жүйеде жасанды интеллект модулі бар, ол оқу барысында көмектеседі.//
Қаладағы №3 айти – мектеп лицейі Топ айкю цифрлық оқулықтар платформасын бес жылдан бері тұрақты қолданып келе жатқан мектептің бірі. Енді міне автономды оқу станциясы тарту етілді.
ЛӘЗЗӘТ ӘБЕНОВА – С.ТОЛЫБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №3 МЕКТЕП IT-МЕКТЕП ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ // ұстаздарымыз, оқушыларымыз пайдаланып сабақтарда жұмыс жасап келеді. Аталған оқу станциясы оқушыларымыздың білім дағдыларын өз бетінше оқыту дағдыларын дамытуға білім сапасын арттыруға және цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануға ерекше ықпал етеді деген сенімдеміз. Бұл игі бастама білім саласына жасалған нақты әрі құнды қолдау деп білеміз.//
Сонымен қатар, TopIQ жобасы аясында электрондық оқулықтарды үздік қолданған оқушыларға марапат табысталды.
АСЫЛМҰРАТ АЙБОЛАТ –ОҚУШЫ //Маған топ айкю ұнайды. Онда тестте ойындар бар, осы платформа арқылы ойымызды дамыттық. Топ айкюмен сабақ қызықты өтеді. Барлығына рақмет айтамын.//
Айта кетейік, жоба еліміздің бірнеше өңірін қамтып, мектептерді заманауи цифрлық құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған.