#qyzylordatv
Қазалы ауданында да 80 пәтерлік 40 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Жаңа жыл қарсаңында жаңа баспанаға кірген тұрғындарды облыс әкімі құттықтап, қуанышымен бөлісті.
Салтанат Маханбетова 2020 жылы үй кезегіне тіркелген. Міне, бес жылдан кейін баспаналы болып отыр. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімінің қолынан жаңа пәтердің кілтін алған көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ. Үйіне шырша құрып, түрлі ойыншықтармен безендіріп, ұл-қыздарына тосын сый жасады.
САЛТАНАТ МАХАНБЕТОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА \барлығына қуанышытымын, алты балам бар құдайға шүкір. Үлкені тоғызыншы сыныпта оқиды. Ең кішкентайы екі жаста, бір жаста. Балдарымның несібесі. Үй керемет... \
Әйтеке би кентінде бой көтерген 40 тұрғын үй көпбалалы, жалғызбасты және мүгедектігі бар азаматтарға табысталды. Айта кету керек, өткен жылы аудан бойынша 148 пәтерлік 74 тұрғын үй берілген болатын. Міне, бұл жұмыстар биыл да жалғасын тапты. Салтанатты шараға облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтады.