#qyzylordatv

Елдегі музейлерге енді виртуалды экскурсия жасауға болады. Ұлттық музейде «E-museum» веб-порталындағы өзгерістер таныстырылды. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.

 Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған және Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде «E-museum» порталына 285 музей енгізілген. Тұрғындар кез келгенін таңдап, жәдігерлерді үйден шықпай-ақ тамашалай алады. Жүйеде жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды нұсқаушылар да бар. Жиында Аида Балаева порталдың жұмысын одан әрі жетілдіруді тапсырды. Әсіресе, ауыл-аймақтардағы рухани ордаларда ғылыми жұмыстарды жандандырып, барлығын осы порталға енгізуді жүктеді.