Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаланың сол жағалауында салынып жатқан 40 мегаваттық жылу қазандығының құрылысын көрді.


Жоба бойынша «Буран Бойлер» отандық өнімнің жоғары әрі сапалы 10 мегаваттық 4 қазандығы орнатылған. Бұл қазандықтар сол жағалауда салынып жатқан 55 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын нысанның құрылыс жұмыстары қазіргі таңда 80 пайызға аяқталған. Мамандардың айтуынша, келер жылдың қаңтар айында іске қосу жоспарлануда. Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.