Жалағаш ауданында жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Ардақ Ибраимов жыл көлемінде атқарылған ілкімді істерге тоқталып, аудан дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін қарапайым еңбек адамрдарына шынайы ризашылығын білдірді.


2025 - аудан үшін жетістікке толы жыл болды. Аймақ басшысының қолдауымен «Руханият» орталығы іске қосылды. «Қазақстан халқына» қорының көмегімен Аққыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Ал Қазақстан футбол федерациясының «АЛАҢ» жобасы аясында 180 млн теңгеге орталық стадионның жасанды алаңы жаңғыртылды. Егін науқанының нәтижесі бойынша аудан «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша “Озат аудан” деп танылғаны және бар. «Алда тұрған жаңа жыл да жаңа мүмкіндіктер мен тың бастамалар жылы болмақ» деді Ардақ Ибраимов өз сөзінде.


 Жыл қорытындысына арналған салтанатты шарада аудан әкімі бірқатар азаматты облыс және аудан әкімінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ түрлі номинациялар бойынша жыл үздіктерін марапаттады. «Жыл ұстазы», «Жыл дәрігері», «Мәдениет және өнер саласының үздігі», «Үздік ауылдық округ», «Үздік бөлім», «Үздік полиция қызметкері», «Жыл құтқарушысы», «Нағыз еңбек адамы», «Үздік коммуналдық сала маманы сынды марапаттар табысталып, қарапайым жандардың еңбегі еленді.


Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ұсынған театрландырылған қойылыммен жалғасып, көрермендер әсем ән мен әсерлі сахналық көріністерге куә болды.