#qyzylordatv #заңментәртіп
42 жастағы Шиелі тұрғыны өз үйінде марихуананы сатып жатқан жерінен ұсталды. Күдікті облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде құрықталып отыр.
Қылмыс үстіндле ұсталған күдіктінің үйін тінту барысында 2 полиэтилен пакет пен 6 дана қағаз қиындысына оралып, 300-ден астам сіріңке қорабына салынған жалпы салмағы 800 граммнан асатын кептірілген шөп тектес заттар тәркіленді. Сондай-ақ, тіркеуде жоқ 1 дана аңшы мылтығы және 21 дана гильза табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.