Жаңа жыл қарсаңында «Рухтастар» жастар сыйлығы табысталды. Бұл шара «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының бастамасымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.


 Қорытынды кешке «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай мен қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов қатысты. Айта кетейік, биыл «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымының бастамасымен аймақта 500-ден астам түрлі бағыттағы жобалар ұйымдастырылған. Шара барысында осы ауқымды тірлікке ұйытқы болып жүрген жастарға «Рухтастар» жастар сыйлығы табысталып, жыл озаттарына құрмет көрсетілді.