#qyzylordatv
Қызылорда облысы мен қаласының және Қазалы ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Жарылқасын Шәріпов мерейлі 85 жасқа толды. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагерінің шаңырағына арнайы барып, сый-құрмет көрсетті.
Жарылқасын Шәріпұлы еңбек жолын өзі туып-өскен Қазалы ауданының Бөзкөл ауылында машина-трактор шеберханасының меңгерушілігінен бастап, Энгельс совхозының, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, совхоз директоры, аудандық советтің атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық агроөнеркәсіп техникасы бірлестігі басшысының орынбасары, басшысы сияқты қызмет сатыларынан өтті. Кейін Қазалы ауданының, Қызылорда қаласының әкімі болды. Облыстық мәслихат депутаты болып сайланып, мәслихаттың тексеру комиссиясын басқарды. Осы уақыт аралығында Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосып, ел игілігіне жасаған қызметі үшін «Қызылорда облысы мен қаласының, сонымен қатар Қазалы ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Нұрлыбек Нәлібаев қоғам қайраткерінің ел игілігі жолындағы еңбегін атап өтіп, дәстүрге сай шапан жауып, құрмет көрсетті.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Керемет жасқа келіп жатсыз. Сондықтан туған күніңіз құтты болсын. Денсаулығыңыз мықты болсын. Абыройыңыз құдайға шүкір елде өте жоғары. Бәріміз сізді жақсы көреміз, құрметтейміз. Ел құрметтейді өзіңізді, халық құрметтейді. Осы Алла берген абыройдан айырмасын. Мықты денсаулық берсін. Ұзақ ғұмыр берсін. Балалардың, немерелер мен шөбелердің рахатын көруді жазсын. Сіздің орныңыз бөлек. Қазіргі күннің өзінде елге жасап жатқан қамқорлығыңызды біз білеміз. Кезінде осы қаланы сіз басқардыңыз. Сіздің артыңыздан бәрі әдемі жалғасын тауып жатыр. Еңбегіңіз өте көп. Туған жеріңіз Қазалыға және қалаға жасаған. Оның барлығын халық біледі.//