Жаңа жыл қарсаңында коммуналдық саланың өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бір ерекшелігі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев еңбек адамдарының жұмыс орнына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Қалаішілік қоғамдық көліктердің сапасын арттыру – Қызылорда автобус паркіне жүктелген міндет. Бұл қоғамдық көліктер биыл 32 млн.адамды тасымалдап, 2,5 млрд.теңге қаржы тапқан. Ал, өткен жылдың қазан айында қызметін бастаған экотаксидің табысы 151 млн.теңгені құрапты. Биыл автобустар 32 бағыт бойынша қызмет көрсетсе, келер жылы тағы 4 бағытты іске қоспақ. Оның ішінде шет аймақтарды қамту жоспарлануда. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жолаушылардың жол ақысын төлегені жөнінде тексеретін арнайы мамандар бекітілмек. Сол кезде, автобус жүргізушілері төлем жүйесіне алаңдамайтын болады. Қызмет сапасы да жоғарылайды, дейді парк директоры.
Жауаптылардың есебін тыңдап болған соң облыс әкімі қарапайым қызметкерлермен кездесті. Әңгіме барысында таңның атысы, кештің батысы тынбай қызмет жасайтын жүргізушілерге алғысын айтты. Бүгінде автопаркте 300 автобус және 100 экотакси бар. Ал, қызметкерлер саны 700-ден асып жығылады. Кездесуде адал еңбегімен көзге түскен азаматтарға облыс әкімі құрмет көрсетіп, алғыс хат табыстады.
Мұнан соң облыс әкімі «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекемеде 748 адам жұмыс істейді. Олардың орташа табысы 184 мың теңге. Мұны естіген Нұрлыбек Нәлібаев қызметкерлердің еңбегін бағалап, жалақыны жоғарлатудың жолдарын қарастыруды тапсырды.
Мүмкіндік болса, тағыда көбейту керек. Барлық түсімге байланысты, табысқа байланысты. // жалақысын көбейту керек бұл кісілердің. // жақсы жұмыс жасап жатқан кісілердің жағдайын жасау керек.
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда электр тарату тораптары компаниясына да барды. Іс-шарада энергетика саласындағы стратегиялық міндеттердің сапалы орындалуына өз үлесін қосып жүрген азаматтардың еңбегі еленді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
892 млрд.теңгеге 1100 мегаватт электр энергиясын өндіретін бу-газ орталығы салынатын болады. Мына Сырдария ауданының аумағында. Бұл өте үлкен жоба. Осы жоба асясында алдағы екі жылда 3 трлн.ға жуық инвестиция тартылады біздің өңірге. Ол өңірдің дамуына жаңа серпін береді деген сөз.
Жылу орталығы мен «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшылары да жаңа жылдық құттықтаудан құр қалмады. Аймақ басшысы қос мекеме қызметкерлеріне алғыс айтты. Әсіресе, қаланың тазалық жұмысында тынбай еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін ерекше бағалады.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті ғимараттармен, жасыл желекке оранған саябақтармен өлшенбейді. Қаланың көркі, оның тазалығына тікелей байланысты. Сондықтан оған атсалысып жүрген жұмысшыларға қандай құрмет көрсетілсе де артық етпейді.