Жаңақорған ауданында 2025-ші жыл қорытындыланды. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шарада өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтар мен «Жыл үздіктері» марапатталды. Әріптесім Дәулет Сағит тарқатып айтады.
Жаңақорған ауданында биыл ауыз толтырып айтарлықтай тірліктер атқарылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кентінде 600 орындық, Жаңарық ауылында 300 орындық білім ошақтары пайдалануға берілсе, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын 124 отбасыға баспана кілті табысталды. Сондай-ақ, Төменарық ауылында аурухана, Әбдіғаппар, Бесарық ауылдарында дәрігерлер амбулаториялар ел игілігіне табысталды. Осыдан 40 жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған темір жол үстінен өтетін көпірдің де құрылысы былтыр басталып, биыл шілде айында пайдалануға берілді. Мұнан бөлек, биыл 7 елді мекен табиғи газға қосылып, нәтижесінде көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 54 пайызға жеткен. Салтанатты іс-шарада аудан әкімі осы және өзге де атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға да тоқталды.
МАЖИТ САМИТОВ – АУДАН ӘКІМІ //
Биыл Президентіміздің, Үкіметтің, аймақ басшысының қолдауымен ауданымызда іргелі ғимараттар бой түзеп, әлеуметтік салада ауқымды жобалар жүзеге асырылды. 03:45 Қазіргі таңда ауданымыздың солтүстігіндегі 5 елді мекенді газдандыруға жоба жасалып, жоғары тұрған бюджеттерден қаржыландыру үшін ұсынылды. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің батысында орналасқан 6 елді мекенді газбен қамтамасыз ету мақсатында Қожакент елді мекеніне дейінгі жоғары қысымды газ құбырын жүргізу және ауылішілік газ тарату желілерін салу жобасы ++ демеушілікпен әзірленді. «Жылқы» қазақ халқы үшін еркіндіктің, тектіліктің, еңбекқорлықтың символы. Әрі жаңа бастамалар мен өзгерістердің кезеңі ретінде бағаланады. Сондықтан осы қасиеттерге толы 2026 жыл кең байтақ елімізге молшылығы мен ырыс-дәулетін, қасиетті жерімізге құт-берекесін әкелсін.//
Салтанатты шарада әр салада табысты еңбек еткен мамандар облыстың ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасы және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, еңбек ардагері Садулла Омаровқа Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілсе, «Айдархан» шаруа қожалығының төрағасы Олжас Пазылов Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Ал еңбек ардагерлері мен бір топ түрлі сала мамандары «Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты шарада жыл бойы өз саласында жоғары нәтижеге қол жеткізгендер «Жыл үздігі» номинациясына ие болды. Олардың қатарында – Ақүйік ауылдық округі де бар. Биылғы жылы елді мекеннің инженерлік-инфрақұрылымы толықтай қайта жаңғырутдан өтіп, ауылдың бюджеті 42 млн теңгеге жеткен.
Кеш соңы белгілі эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадина Сәдуақасова мен аудандық өнерпаздардың қатысуымен гала-концертке ұласты.