#qyzylordatv

Мереке күндері қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге облыстық полиция департаментінен мыңнан аса қызметкер мен арнайы жылдам қимылдайтын жасақ қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, жүзге жуық патрульдік автокөлік жол көлік оқиғаларының алдын алса, 55/47 әскери бөлімінің сарбаздары қоғам тыныштығын қадағалауға көмекке тартылды.

31-ші желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған түні өңірде 200-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның басым бөлігі қоғамдық орындарда мас күйінде болу, түнгі тыныштықты бұзу жағдайлары.

Ал 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында жол жүрісі қағидалары бойынша 1652 хаттама рәсімделген. Жылдамдықты шамадан тыс асырған, жаяу жүргіншіге жол бермеген , көлікті мас күйде тізгіндеген жүргізушілерге әкімшілік шара көрілді.

Жалпы, мереке күндері 16 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам түрлі дене жарақатын алған. Бұдан бөлек, полицейлер мен құтқарушылар күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істеп, заңсыз пиротехника сатудың алдын алды.