Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына барып, соғыс ардагері, қос ғасырдың куәгері Яхия Тасыровтың шаңырағында болды.
Яхия Тасыров Сыр өңіріндегі көзі тірі жалғыз соғыс ардагері. Абыз ақсақал 2 қаңтар күні 104 жасқа толады. Отан үшін от кешіп, жеңіс жалауын желбіреткен жауынгердің сөзі пәтуалы, қимылы ширақ. Облыс әкімі бастаған ел ағаларын тік тұрып қарсы алды. Бұл қонаққа деген ерекше құрметтің белгісі. Шежіре кеуде қария Жаңа жылмен құттықтап келген азаматтарға батасын беріп, ақжарма тілегін жеткізді.
Жастайынан жетімдіктің зардабын тартып, ашаршылық кезеңді басынан өткізген, сұрапыл соғысты көзбен көрген Яхия ақсқалдың тілегі - елдің амандығы, халықтың бірлігі.
ЯХИЯ ТАСЫРОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ \Соғыс деген болмасын. Қазақ көбейіп өстікқой. Құдай қаласа 40 млнға жетсек ірі мемлекеттің бірі боламыз. Жаңа жылдарың құтты болсын, балдарым. Жаңа жыл жаңа табыс әкеслін. Өмірлерің ұзақ, аспандарың ашық болсын. Жаңа жыл құтты болсын!\